Accessibility links

Мысыр оппозициясы халықты жаппай шеруге шақырды


Тунистегі көтерілістен жігерленген Мысырдағы оппозициялық топтар экономикалық және саяси реформаларды талап етіп, бүгін жаппай наразылық шарасын өткізуге шақырды. Шеру өткізу туралы науқан интернетте жарнамаланды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Facebook әлеуметтік желісі арқылы 80 мыңнан астам адам шеруге қатысатынын айтқан.

Мысырдағы ең ірі оппозициялық қозғалыс - "Мұсылман бауырластығы" бұл шерулерді ресми түрде қолдаған жоқ бірақ оның көптеген мүшесі наразылық шарасына қатыспақ.

Мысырда әдетте наразылық шарасы жиі бола бермейді. Бірақ соңғы күндері бірнеше адам өздерін өртеді. Олар осы айда президент Зин әл-Абидин Бен Алиді биліктен құлатқан шерулерге түрткі болған оқиғадағы жас Тунис азаматына еліктеген көрінеді. Ол да өзін-өзі өртеп жіберген болатын.
XS
SM
MD
LG