Accessibility links

Медведев "Домодедово" басшылығын кінәлады


Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеудегі әуежай басшыларын
"Домодедоводағы" шабуылдың алдын ала алмағы үшін айыптады.

Дүйсенбі күнгі жарылыстан кемінде 35 адам қаза тауып, 110-ға жуық адам жараланды. Құрбан болғандардың кемінде сегізі - шетел азаматтары. Тергеушілердің болжамы бойынша, «Домодедово» әуежайындағы жарылысты жанкешті жасаған.

"Оқиға анық қауіпсіздік ережелері бұзылғандығын көрсетті. Осыншама көлемдегі жарылғыш заттарды тасу нағыз күш салуды талап етеді. Бұл оқиғаға жауапты әрбір адам - шешім қабылдайтын компаниялар мен әуежайдың басшылығы - жауап беруі тиіс", - деді Медведев.

Дүйсенбі күнгі шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады, дегенмен Кавказдағы жауынгерлер күдікке ілінуі мүмкін.

Өткен жылдың наурыз айында Мәскеу метросында екі дағыстандық әйел жарылғыш заттарын іске қосып, 40 адамды өлтірген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG