Accessibility links

Египетте шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыста үш адам қаза болды


Египет астанасы Каирдегі жүздеген адам қатысқан наразылық шеруін полиция көзден жас ағызатын газ және су атқыштардың көмегімен қуып таратты.

Шеруге шыққандар елдегі әлеуметтік жағдай нашарлап, жемқорлық жайлап бара жатқанын айтып, соңғы 30 жыл бойы мемлекетті басқарып отырған Хосни Мубарактың биліктен кетуін талап еткен.

Полициямен арадағы қақтығыстарда екі шеруші мен бір полиция қызметкері қаза болған.

Шеруге шыққандар «Фэйсбук», «Твиттер» сияқты әлеуметтік желілерді қолданған. Сейсенбінің кешінен бастап Египетте «Твиттердің» ашылмай тұрғаны туралы хабарланды.

Сейсенбі күні үкіметке қарсы шерулер Египеттің бірқатар қалаларында өтті. Наразылық шеруіне шыққандар Тунистегі көтерілістен жігерленгендерін айтады.
XS
SM
MD
LG