Accessibility links

Филиппинде автобустағы жарылыстан қаза болғандар саны бес адамға жетті


Филиппинде жолаушылар автобусында болған жарылыста жараланған үш адам ауруханада қайтыс болды. Осылайша, жарылыс құрбандарының саны бес адамға жетті.

Бұған дейін сейсенбі күні ел астанасы Манила қаласының маңында жолаушылар автобусындағы жарылыс салдарынан екі адам қаза болғаны хабарланған. Полиция автобуста қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылғанын айтып отыр.

Әзірше бұл жарылыстың жауапкершілігін ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG