Accessibility links

АҚШ президенті ғылым-білімге бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Конгресте елдегі жағдай туралы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында әлемдегі ең ірі экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін білім, ғылым және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын қаржы көлемін ұлғайтуға шақырды.

«Жарты ғасыр бұрын Совет Одағы бізден озып, алғашқы спутник ұшырған шақта олардан бұрын Айға қалай ұшамыз дегенге байланысты ешқандай идея болмады бізде. Ғылымымыз ондай дәрежеде дамыған жоқ еді. Бірақ біз ғылым мен білімге материалдық және интеллектуалдық ресурстар құйған соң, кең көлемді зерттеулер жүргізгеннен кейін СССР-ден озып қана қоймай, жаңа өндірістер пен миллиондаған жаңа жұмыс орындарын ашқан инновациялардың тұтас толқынының пайда болуына түрткі болды. Қазір біздің буын үшін жаңа спутник ұшыратын уақыт келді», – деді Барак Обама.

Сонымен бірге АҚШ президенті қараша айындағы сайлау нәтижесінде Конгрестің Өкілдер палатасында басым дауысқа ие болған республикалық партияны демократтармен бірге ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG