Accessibility links

Би-Би-Си 5 тілде радиохабар беруін доғарады


Би-Би-Си-дің сейсенбі күнгі құлақтандыруында айтылғандай, албан, серб және македон тілдеріндегі қызметтері, Африка елдеріне партугал, Кариб теңізі бассейніндегі елдерге ағылшын тілдерінде радиохабар беретін редакциялар жабылады.

2400 қызметкердің 650-ге жуығы қысқарады.

Хабар таратушы корпорация басшылығының есебі бойынша, осы шара арқылы жылына 46 миллион ағылшын фунтын үнемдеу мүмкін болады.

Би-Би-Си-дегі қысқартулар ағылшын үкіметі бөлетін қаржының айтарлықтай азаюына байланысты көрінеді.

Дүниежүзілік Би-Би-Си қызметі 1932 жылдан хабар тарата бастады. Оның радио, теле және интернет аудиториясы бүкіл әлемдегі 241 миллион адамды құрайды.
XS
SM
MD
LG