Мәскеудің «Домодедово» әуежайында қастандықтан қаза тапқандардың барлығы да анықталды.
Медицина сарапшыларына сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні жорамал бойынша жанпидашыл-террористің мәйітін ғана анықтау керек.
Бұл мәліметті Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі де растады.
Сәрсенбі күні Мәскеу мен Мәскеу облысында қастандық құрбандарын аза тұтты. «Домодедово» әуежайындағы жарылыс болған жерде құрбандарға бағыштап дұға оқылды.
24 қаңтар күні кешке әуежайдың халықаралық терминалында болған жарылыстан 35 адам қаза тапқан еді. 117 кісі ауруханада жатыр, олардың оншақтысы ауыр және өте ауыр халде.
Бастапқы болжам бойынша, жарылыстың қуаты 5 келі тротилге тең көрінеді. Бірнеше бап бойынша, оның ішінде терроризмге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.