Accessibility links

Бұрынғы қырғыз министрі Дублинде ұсталды


Қырғызстанның бұрынғы энергетика министрі Ирландияда ұсталды деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі. Ішкі істер министрінің орынбасары Мелис Тұрғанбаевтың айтуынша, Сапарбек Балкыбеков Дублиндегі туыстарының үйінде тұтқындалған. Ирландия полициясы бұл хабарды әлі растамады.

Биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің үкіметінде энергетика министрі болған Балкыбековке іздеу жарияланған еді. Оған "жемқорлық қылды, ұрлық жасады" деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG