Accessibility links

2011 - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жарияланды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG