Accessibility links

Назарбаев денсаулығы мүмкіндік берсе, жұмыс істей беретінін мәлімдеді


Жұма күні парламентте кезекті жолдауын жариялаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында өз өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін де айтып өтті.

«Конституциялық кеңестің ұйғарымынан соң біз қандай шешім қабылдасақ та, денсаулығым мен күш-қуатым мүмкіндік берсе, халық маған осылайша бірауыздан қолдау білдірсе, онда мен өзіме қаншаға рұқсат берсе, сонша жұмыс істеуге уәде беремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
XS
SM
MD
LG