Accessibility links

Қырғыз прокуроры Санжар Бакиевтің түрме жазасын ұзартуды көздейді


Қырғызстан прокурорлары биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің жиені Санжар Бакиевті ұзағырақ уақытқа қамауды көздеп отырғандарын айтты деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Санжар Бакиев мамыр айында Жалалабадта өткен толқуларға қатысы бар екенін мойындады. Қарашаның 2-сінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған Санжар Бакиев сот шешіміне байланысты шағымданды.

Бакиевтің адвокаты Бүбүайша Арыстанбекованың айтуынша, Бакиевтің шағымын қарап жатқан Чуй облысы сотындағы прокурор бүгін Санжар Бакиевтің түрме мерзімін 25 жылға дейін созуды талап еткен.
XS
SM
MD
LG