Британия мен Германия Беларусь президенті Александр Лукашенконың режиміне қарсы қатаң санкцияларды енгізуге шақырды.
Бүгін Wall Street Journal ("Уолл-стрит джорнал") мен Sueddeutsche Zeitung ("Зюддойче Цайтунг") басылымдарында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде Британия сыртқы істер министрі Уиллиям Хаг пен оның германиялық әріптесі Гидо Вестервелле ЕуроОдақ "Еуропа көршілігіндегі елеулі дағдарысқа" қарсы шара қолдануы тиіс деп атап көрсетті. Хаг пен Вестервелле алдағы аптада өтетін ЕуроОдақ сыртқы істер министрлерінің саммитінде осы мәселені көтеретіндерін айтты.
Желтоқсан айындағы даулы сайлауда Беларусь президенті Александр Лукашенко қайта сайланған болатын. Бұған наразылық танытқан белсенділер қудалауға түсіп жатыр.