Accessibility links

Египетте президентке қарсы шерулер жалғасты


Хабарларға қарағанда, Египет полициясы Каир орталығында жиналған шерушілерді қуып тарату үшін оларға су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданған. Тілшілердің айтуынша, президент Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін талап еткен наразылық танытушылар полицияға тас лақтырып, Мүбәрәктің суреті бар плакаттарды таптаған.

Қақтығыстар Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мохамед әл-Барадей жұма намазына барған мешіт жанында болған.
XS
SM
MD
LG