Accessibility links

Германия парламенті ауған миссиясын кеңейтті


Бүгін Германия парламенті Ауғанстанда неміс күштерін 2012 жылдың ақпан айына дейін орналастыруды мақұлдады. Алайда егер Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы жақсарса, Германия күштері 2011 жылдың аяғынан бастап елден шығарыла бастайды делінеді.

Германия Ауғанстанға шамамен 5350 сарбазға дейін жібере алады. Қазір Ауғанстанда 4860 неміс сарбазы бар.

2001 жылы АҚШ жетекшілігіндегі күштердің әскери операциясы басталғалы бері Ауғанстанда Германияның 45 сарбазы мерт болған.
XS
SM
MD
LG