Accessibility links

Мысыр президенті үкіметті таратып, өзі жайлы ауыз ашпады


Мысыр президенті Хосни Мүбарак өзінің биліктен кетуін талап еткен шерулерден кейін, үкіметті таратып жіберді. Бірақ өзі туралы ештеңе айтпады.

Мүбарак өзінің 30 жылға жуық билікте отырғанына қарсы осы аптада басталған жаппай наразылық шерулерінен кейін бірінші рет сенбі күні мысырлық телеарнадан көрінді. Оның халық алдына шығуы – шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстан 20-дан аса адам қаза тапты деген хабарлардан кейін болып отыр.

Ашулы халық билік партиясының Қаирдағы ғимараттарына от қойып, шерушілер мемлекеттік телеарна мен Сыртқы істер министрлігін басып алған.

Қалада комменданттық сағат басталғанына қарамастан, шерушілер сенбі күні де көшеге шыққан. Билік интернетке шектеулер енгізіп, әлеуметтік желілер мен кейбір мобил телефон байланысы үзілген.
XS
SM
MD
LG