Accessibility links

Обама Мысыр билігін бейбіт халыққа күш қолданбауға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Мысыр билігін президент Хосни Мүбарактың кетуін талап еткен бейбіт шерушілерге күш қолданбауға шақырды.

Жұма күні кешкісін Вашингтонда Обама Мысыр халқын, олардың сөз бостандығы мен еркін жиын өткізу құқықтарын АҚШ қорғайды деді.

Барак Обама өзінің телефон арқылы Хосни Мүбаракпен сөйлескенін, оны демократиялық және экономикалық реформалар арқылы Мысыр халқының құқығын қорғайтын нақты шаралар жасауға шақырғанын айтты.

АҚШ Қаирға жыл сайын 1,5 миллиард доллар көмек беріп келе жатқан Мысыр елінің шет елдегі одақтасы.
XS
SM
MD
LG