Accessibility links

Иран шеруде ұсталған әйелді есірткі саудасына қатысты дарға асты


Хабарларға қарағанда, сенбі күні Иран билігі тегі ирандық Нидерланды азаматшасын дарға асты. Оған есірткі саудасына қатысты айып тағылған.

Ирандық телеарналар Теһранның прокуратурасына сілтеме жасап, Захра Бахрамидің есірткі тасымалына қатысты үкімі орындалды деп хабарлады.

Францияның AFP ақпарат агенттігі Нидерланды азаматтығын алған ирандық әйел Бахрами елдегі туыстарына барған кезінде, Ирандағы үкіметке қарсы шерулерге қатысып, қамауға алынған деп жазады.

Нидерланды билігі Ирандағы өз елшілігі өкілдерінің Бахрамиге кіруіне Иран рұқсат бермегенін айтты.
XS
SM
MD
LG