Accessibility links

Польша Беларусь оппозициясын қолдайтын жиын өткізеді


Польша алдағы аптада Беларусь елінің оппозициялық топтарын қолдайтын конференция өткізеді. Бұл қолдау президент Александр Лукашенконың қайта сайлануына наразылық танытқан шерушілердің күшпен басылуынан кейін болып отыр.

Польша Сыртқы істер министрлігі ақпанның 2-де өтетін донор елдердің жиынына Еуропа Одағына мүше 27 елдің және одаққа енуден үміткер елдер өкілдері қатысады деді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон өкілінің Азаттық радиосына айтуынша, одақ елдері Беларусь билігінің өкілдеріне тағы да Еуропаға шығуға шектеу енгізуді қарастырып жатыр деді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко мен тағы 40 шақты билік өкіліне 2006 жылғы сайлаудан кейін одақ кеңістігіне кіруге тыйым салынған болатын. Бірақ екі жылдан кейін ол тыйым алынып тасталған.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG