Accessibility links

Қазақстан оппозициясы президентті референдумнан бас тартуға шақырды


Сенбі күні Алматыда оппозициялық партиялар бастамасымен демократиялық форум өтті. Онда оппозиция жетекшілері өз партиялары атынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан референдум өткізуден бас тартуды сұрады.

Бұл үндеу оппозициялық партия өкілдерінің «2020-Жаңа Қазақстан» атты республикалық демократиялық форумда айтылды. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай алаңдаушылық тудырады деген оппозиция өкілдері елге демократиялық баламалар қажет деді.

Олар биліктің президент өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту үшін референдум өткізу туралы бастамасын ақылға сыйымсыз деп бағалады.
XS
SM
MD
LG