Accessibility links

Египетте жаңа вице-президент пен премьер тағайындалды


Египетте сенбі күні ел үкіметі таратылған соң жаңа премьер-министр тағайындалды. Қазіргі үкімет басшысы - бұрынғы авиация министрі Азмед Шафик.

Бұдан бұрын Египет барлау қызметінің бастығы Омар Сулейман елдің вице-президенті атанған еді. Египетте вице-президенттің орыны Хосни Мүбәрәк билікке келген 30 жылдан бері бос тұрған.

Каир және басқа қалалардың көшелерінде он мыңдаған адам коменданттық сағат тәртібі енгізілсе де, Мүбәрәктің қызметтен кетуін талап етіп тұр. Полиция бірнеше мемлекеттік ғимаратқа жасалған шабуылдардың бетін қайтарды деген хабар жетті. Қаза болған, жараланған адамдар бар. Египетте қарсылық басталған 5 күннен бері ондаған адам көз жұмды.

АҚШ пен ЕуроОдақ билікті де, шерушілерді де зорлық-зомбылыққа жүгінбеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG