Accessibility links

Тунистің бұрынғы президентінің туыстары Канададан баспана сұраған


Канада үкіметі Тунистің биліктен құлатылған президенті Зин Әбидин бен Алидің күйеу баласы өзін Туниске экстрадициялай алмайтындай Канададан босқын мәртебесін беруді сұрағанын растады.

Тунис миллиардері болған бизнесмен Белхассен Трабелси бұрынғы президент Бен Алидің әйелі Лейла Трабелсидің інісі. Ол өз отбасын алып өткен аптада Канадаға барған.

Белхассен Трабелси Тунисте мафиялық-қылмыстық топ құрған деген айыппен іздеуде жүр. Канада заңы бойынша, босқын мәртебесін беру процесі ұзақ жылдарға созылады. Және Канада мен Тунис арасында экстрадиция келісімі жоқ.
XS
SM
MD
LG