Accessibility links

Израиль премьері Египетпен бейбіт жағдай сақталуы тиіс деді


Жексенбі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху Израилдің Мысырмен 30 жылдық бейбітшілік келісімі бұл елдегі заңсыздықтарға қарамастан, сақталуы керек деді.

Бұл Нетаняхудің Мысырда болып жатқан толқуларға қатысты бірінші айтқан мәлімдемесі. Ол Мысыр мен Израиль арасындағы бейбіт келісім Таяу Шығыстағы геосаяси тұрақтылық бұрышы деген.

Египетте жүзмыңдаған адам президент Хосни Мүбәрәктың орнынан кетуін талап еткен шерулер өткізіп жатыр. Ғимараттар мен үкіметтік мекемелерге от қойылып, қауіпсіздік күштерімен қақтығыста 100-ден аса шеруші қаза тапты.

БҰҰ басшысы Пан Ги Мун жексенбі күні Мүбәрәк режимін қарусыз шерушілерге оқ атпауға шақырды. Ол адам құқықтары сыйлануы тиіс деді.
XS
SM
MD
LG