Accessibility links

Оңтүстік Суданның 99 пайызы солтүстіктен бөлінуді қолдаған


Жексенбі күні Суданның тәуелсіздік рефрендумының ресми қортындысы шықты. Дауыстардың есебіне қарағанда, оңтүстік Судан халқының 100 пайызға жуығы солтүстіктен бөлініп шығуды қолдаған.

Сайлау комиссиясының өкілдері халықтың 99,57 пайызы тәуелсіздік референдумын қолдап дауыс берді деген хабардан соң, мыңдаған адам қуанып, билеп көшеге шықты.

Оңтүстік Суданның тәуелсіздігі шілденің 9-нан бастап күшіне енеді.

Суданның солтүстігі мен оңтүстігіндегі қақтығыстарды тоқтатқан 2005 жылғы бейбіт келісімге дейін 2 миллион адамның өмірі қиылған.
XS
SM
MD
LG