Accessibility links

Иран парламенті Салехиді сыртқы істер министрі ретінде бекітті


Бүгін Иран парламенті елдің ядролық мәмілегері Али Акбар Салехиді сыртқы істер министрі ретінде ресми бекітті. Салехидің кандидатурасын 241 депутаттың 146-сы қолдап дауыс берді.

Дауыс берер алдында Салехи депутаттарға Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қауымдастықпен арадағы даулы мәселе өзінің сыртқы саясаттағы басым бағыты болатынын айтты.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад парламентте Салехиге дауыс берер алдында былай деді:

"Бүгінде бізге өте ашық, белсенді, мықты әрі ықпалды сыртқы саясат қажет" деді.

Ахмадинежад желтоқсанның 13-де Манучир Моттакиді орнынан алған соң, сыртқы істер министрі қызметін атқаруды Салехиге тапсырған.
XS
SM
MD
LG