Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан үш адам қаза болды


Пәкістан мен Ауғанстан шекарасы маңындағы Пешавар қаласында бүгін жарылыс салдарынан үш адам - Пешавардың оңтүстік ауданындағы полиция бастығының орынбасары Рашид Хан жүргізушісі және оққағарымен бірге мерт болған. Жарылыс салдарынан бірнеше адам жараланған.

Полицияның болжамы бойынша, бұл жарылысты Рашид Ханның автокөлігі жанында өзін өзі жарған жанкешті жасаған.

Әзірше бұл жарылысқа қатысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG