Accessibility links

АҚШ және Еуропа одағы Беларусь билігіне қарсы жаңа санкциялар енгізді


АҚШ Беларусь билігіне қарсы жаңа санкциялар енгізген Еуропа одағының бастамасына қосылды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Құрама штаттар аумағына келуіне тыйым салынған Беларусь шенеуніктерінің тізімі ұлғайтылатынын мәлімдеді. Бұған қоса АҚШ азаматтарына Беларусьтың «Белнефтехим» мемлекеттік концернімен бизнес жүргізуге тыйым салынады.

Дүйсенбі күні Еуропа одағы елдері сыртқы істер министрлері Беларусь президенті Александр Лукашенко мен сол елдің 150-ден астам лауазымды шенеуніктеріне Еуропа Одағы аумағына келуге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге ол адамдардың Еуропа банктеріндегі есеп-шоттары тұмшаланды.

АҚШ пен Еуропа одағы бұндай қадамға Беларусь билігі былтыр желтоқсанда өткен президент сайлауынан кейін елдегі оппозиция белсенділеріне қарсы қысымды күшейткен соң барып отыр.
XS
SM
MD
LG