Accessibility links

Әскери қылмыс бойынша іздеуде жүрген босниялық серб Францияда ұсталды


Халықаралық іздеуде жүрген босниялық серб Миодраг Момич Францияда ұсталған. Бұл туралы серб әскери прокуратурасы хабарлады.

Францияда жалған құжаттармен бой тасалап келген Миодраг Момичтің қазір Гренобль маңында абақтыға қамалғаны туралы хабарланып отыр.

Миодраг Момичке 1995 жылы Сребреницадағы бейбіт тұрғындарды қырып-жойған қылмысқа қатысты іздеу жарияланған.

Ол қырғында 8 мыңға жуық мұсылман ерлер мен ұл балалар өлтірілген еді.
XS
SM
MD
LG