Accessibility links

Парламент кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қабылдап алды


Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы парламенттің қарауына келіп түсті.

Президент ұсынған бұл өзгертулер мен толықтырулар «Сайлау туралы» және «Тұңғыш президент туралы» заңдарға енгізілмек.

– Заң жобасына сәйкес, кезектен тыс президент сайлауын Қазақстан президенті тағайындайды және тағайындалғаннан кейін екі ай мерзімде өтеді. Ал одан кейінгі кезекті сайлау бес жылдан кейін «Сайлау туралы» заңда белгіленген мерзімінде өтеді, – деді ақпанның 1-і күні заң жобасы бойынша түсініктеме берген Мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев.

Оның айтуынша, кезектен тыс президент сайлауы кезекті сайлау тәртібі бойынша өтеді. Сайлау науқанының мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG