Accessibility links

Қытайдағы АҚШ елшісі қызметінен кетіп барады


Ақ үй Қытайдағы АҚШ елшісінің қызметінен кетіп бара жатқанын растады. Хабарларға қарағанда, дипломат Джон Хантсмен 2012 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін.

Ақ үй баспасөз хатшысы Роберт Гибстың мәлімдеуінше, Республикалық партияның мүшесі Хантсмен Бейжіңдегі қызметінен осы жылдың басында кететінін айтқан.

Юта штатының бұрынғы губернаторы Хантсмен мандарин тілін жақсы меңгерген. Обама Хантсменнің Қытайдағы елші ретінде атқарған қызметін мадақтады.
XS
SM
MD
LG