Адам құқықтары жөніндегі ұйымның мәліметінше, 2010 жылы Ауғанстанда 2400-ден астам қарапайым азамат құрбан болған. Кабулдағы "Ауғанстандағы құқықтарды бақылау" ұйымының сейсенбі күнгі баяндамасына қарағанда, бұл - соңғы 10 жылға жуық уақыттан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
Аталмыш ұйымның айтуынша, 2009 жылы Ауғанстанда құрбан болған қарапайым азаматтардың саны 2300-ден асқан.
АҚШ жетекшілігіндегі күштер "Талибанды" биліктен құлату мақсатында 2001 жылы Ауғанстанға басып кірген болатын.