Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, Египет президенті Хосни Мүбәрәк сейсенбі күнгі шешімінен анағұрлым өзгеше қадам жасауы тиіс. Бүгін Қырғызстанға сапары барысында Ердоған осы кезеңде Египетте уақытша әкімшіліктің орнатылуы өте маңызды деп атап көрсетті. Оның айтуынша, қазіргі әкімшіліктің азғана уақыт аралығында елде демократиялық жағдай орната алатынына сенім жоқ.
Ақпанның 1-де телеарнадан халыққа жасаған жолдауында Мүбәрәк биылғы қыркүйекке жоспарланған президенттік сайлауға өзінің түспейтіндігін мәлімдеді. Сонымен бірге ол қазіргі өкілеті біткенше қызметінде қалатындығын және елден ешқайда кетпейтіндігін атап айтты. Мүбәрәк өзі тағайындаған жаңа үкімет оппозициямен диалог өткізетіндігін мәлімдеді.
Алайда Каирдың орталық алаңында жиналған ондаған мың шеруші президент Мүбәрәктің биліктен дереу кетуін талап етіп тұр.