Accessibility links

Назарбаев кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі заңға қол қойды


Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Конституциясына толықтырулар енгізу" жөніндегі заңға қол қойды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш құжат мемлекет басшысына кезектен тыс президент сайлауын тағайындайтын құқық береді.

Сәрсенбіде Қазақстан парламенті Конституцияға кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөнінде өзгеріс енгізетін заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берген болатын.

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы нақты қай күні болатыны әлі айтылмады.
XS
SM
MD
LG