Accessibility links

Ертісбаев: Египеттегі оқиғаның Қазақстанда болуы мүмкін емес


Билікте 20 жыл отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Египеттегі оқиғалар Қазақстанда мүлдем болуы мүмкін емес деп мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбі күні "Литер" газетінде жарияланған сұхбатында айтты.

"Египет халқының жартысы күніне екі долларға өмір сүреді. Бізде мұндай жағдай 1990-шы жылдардың ортасында болған. Алайда біз парламентті таратып, президент өкілетін ұзарту мен жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдум өткізіп, дұрыс жасадық. Бұл шаралардың барлығы тек бір ғана мақсатпен қолға алынды: нарықтық реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін жасалды", - деді Ертісбаев.

Египетте бір аптадан астам уақыттан бері президентке қарсы жаппай шерулер өтіп жатыр. Наразылық танытушылар 30 жыл билікте отырған президент Хосни Мүбәрәктың кетуін талап етуде. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нави Пиллэйдің мәлімдеуінше, Египеттегі толқулар барысында 300-ге жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG