Accessibility links

Йемен президенті келесі сайлауға түспейтінін айтты


Сәрсенбі күні Йемен президенті Али Абдулла Салех 30 жылдық билігін ұзартпайтынын мәлімдеді. Ол 2013 жылғы президент сайлауына түспейтінін айтты.

"Әл-Қаидамен" күресте АҚШ-тың одақтасы боп табылатын Йемен президенті сондай-ақ басқару билігін ұлына тапсырмауға уәде етті. Парламентте сөйлеген сөзінде Салех халықтың мүддесін ескере отырып, осындай шешімге келгенін айтты.

Йемендегі оппозиция бейсенбі күні "Қаһар күні" атты шеру өткізуді жоспарлап отыр. Өткен аптада ел астанасындағы шеруге 16 мыңға жуық адам қатысып, президент Салехтің биліктен кетуін талап етті.

Әлемдегі ең кедей елдердің бірі Йемен сепаратизм мен лаңкестікке қарсы күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG