Accessibility links

Египет астанасында қақтығыстар болды


Каирде президент Хосни Мүбәрәктің қолдаушылары мен үкіметке қарсы шерушілер арасында қақтығыстар болды. Сөйтіп елдегі шиеленісті жағдай ушығып тұр. Жарақат алғандар бар деп хабарланып отыр.

Бүгін Египет армиясы наразылық танытушыларды президентке қарсы шерулерін тоқтатуға шақырды. Армия баспасөз хатшысы мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде билік египеттіктердің талаптарын естіді, енді күнделікті өмірді қалпына келтіруге уақыт келді деп атап көрсетті.

Сейсенбі күні президент Хосни Мүбәрәк биылғы қыркүйекке жоспарланған президенттік сайлауға өзінің түспейтіндігін мәлімдеді. Алайда сәрсенбі күні Каирдің Тахрир алаңына қайтадан жинала бастаған халық билікте 30 жыл отырған Хосни Мүбәрәктің дереу кетуін талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG