Accessibility links

Каирде сәрсенбі күнгі қақтығыста 600-дей адам жараланды


Cәрсенбі күні Египет астанасында шерушілер мен ел президенті Хосни Мүбәрәкті қолдаушылар арасында болған қақтығыста үш адам көз жұмып, кем дегенде 600 адам жараланды деп хабарлады ресми орындар.

Хосни Мүбәрәкті жақтаушы жүздеген адам Тахрир алаңына жиналған наразылық танытушыларға шабуыл жасаған еді. Қақтығыс әлі толастаған жоқ. Президентті қолдаушылар алаң маңындағы ғимараттардың терезелерінен шерушілерге қарсы жанғыш заттар лақтырған. Оппозиция бұл іске күштік құрылымдардың қатысы бар деп, соларды айыптап отыр.

Сейсенбі күні президент Мүбәрәк қыркүйектегі сайлауға қатыспайтынын мәлімдеген еді. Алайда наразылық білдірушілер оның тез арада қызметтен кетуін талап етіп тұр.
XS
SM
MD
LG