Accessibility links

Мәжіліс кезектен тыс сайлауға қатысты заң өзгерістерін мақұлдады


Бүгін Қазақстан парламентінің Мәжілісі жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Бүгін қаралып отырған жаңа заң жобасы еліміздің Конституциясындағы жаңа толықтыруларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «ҚР Президенті туралы» Конституциялық заңдар шеңберінде іске асыруға бағытталған», – деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Қазақсан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов.

Бір күн бұрын Қазақстан президенті «Қазақстан Конституциясына толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Бұл құжат президент Назарбаевқа елде кезектен тыс президент сайлауын тағайындайтын құқық береді.
XS
SM
MD
LG