Accessibility links

Каир көшелерінде атыс естіледі


Президент Хосни Мүбәрәктің дереу биліктен кетуін талап етіп шеруге шыққандар мен президентті қолдаушылар бір-біріне қарсы тұрған Каирдың орталығындағы Тахрир алаңы тұсынан атыс естілетіні туралы ақпараттар жетіп отыр.

Бұған дейін бүгін таңертең Тахрир алаңында үкіметке қарсы шеруге шыққандардан үш адамның қаза тапқаны хабарланды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Египеттің вице-президенті Омар Сулейманмен сөйлесіп, Египет билігін зорлық-зомблықтың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырған.

Сәрсенбі күні Египет астанасында шерушілер мен ел президенті Хосни Мүбәрәкті қолдаушылар арасында болған қақтығыста үш адам көз жұмып, кем дегенде 600 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG