Accessibility links

Каирдегі жағдай ушығып тұр


Бүгін Каирдің Тахрир алаңына Египет президенті Хосни Мүбәрәктің қолдаушылары мен оның қарсыластарын ажырату үшін жасақ әкелінді.

Сәрсенбі күні Мүбәрәктің жақтастары мен оның биліктен кетуін талап етіп жатқан шерушілер арасындағы қақтығыстар басталғалы кемінде 5 адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланды.

Бейсенбіге қараған түні Тахрир алаңында атыс естілді. Мүбәрәкқа қарсы наразылық танытушылар өздеріне президенттің қолдаушылары мен қарапайым киім киген полиция шабуылдағандарын айтып отыр.

Бүгін премьер-министр Ахмед Шариф елдегі зорлық-зомбылық үшін кешірім сұрап, оппозиция жетекшілерін келіссөздерге шақырды. Алайда танымал оппозициялық тұлға Мохамед Әл-Барадей мен "Мұсылман бауырлар" "алдымен Мүбәрәк биліктен кетуі тиіс" деп мәлімдеді.

Мүбәрәк өзінің президенттік өкілеті қыркүйек айында аяқталған соң ғана биліктен кететінін айтқан еді.

Сәрсенбі күні АҚШ Египеттегі өзгеріс тез арада басталуы тиіс деп атап көрсетті. Соңғы хабарларға қарағанда, Британия, Франция, Германия, Италия және Испания да Египеттегі зорлық-зомбылықты тоқтату үшін "бейбіт жағдайдағы шұғыл өтпелі кезеңге" шақырды.
XS
SM
MD
LG