Accessibility links

Қазақстан мұсылмандар одағы Египеттегі жағдайға әсер етуге шақырды


Ақпанның 3-і күні Қазақстанның мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқығы бойынша Мұсылмандар комитеті қазақ үкіметін Египеттегі саяси дағдарыс кезінде үнсіз қалмай, елдегі жағдайды қалыпқа келтіруде белсенділік танытуға шақырды.

Комитет өкілдерінің пікірінше, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасап отырған Қазақстан басшылығы Египеттегі саяси қақтығысты ушықтырмауға үлес қосуы тиіс. Олар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өз беделін пайдаланып, Египеттегі оқиғалардың соңы азаматтық соғысқа ұласпас үшін президент Хосни Мүбәрәкке ықпал етуге шақырды.

Бұдан бөлек, комитет өкілдері Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мен Алматыда орналасқан қазақ-египет «Нұр-Мүбәрәк» университетінің басшылығына университет атауынан Египет президентінің есімін алып тастау туралы кеңес береді.
XS
SM
MD
LG