Accessibility links

Египет шерушілері үлкен наразылық акциясын өткізбек


Египетте президент Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін талап етушілер бүгін Каирдегі орталық алаңға мыңдаған адамды жинап, наразылық акциясын жалғастырмақшы.

Премьер-министр Ахмед Шафик жұма күні болатын бейбіт шерулерге ішкі істер министрлігі күштері тарапынан кедергі болмауы тиіс деп мәлімдеді.

Президент Хосни Мүбәрәк америкалық Эи-би-си телеарнасына берген сұқбатында президент сайлауына түспейтінін қайталап айтты. Бірақ ол «дәл қазір биліктен өзінің бас тартуы елде жаппай бейберекеттікке ұласатындығын» айтып, қызметтен дереу кетпейтінін мәлімдеді.

Соңғы екі күнде қала көшелерінде Хосни Мүбәрәктің қарсыластары мен қолдаушылары арасында болған қақтығыстан бірнеше адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланды. Шетелдік журналистерді қорқытып-үркіту әрекеттері жасалып жатыр.
XS
SM
MD
LG