Accessibility links

"Мұсылман бауырлар" Египеттің президенті болуға тырыспайды


Египеттегі "Мұсылман бауырлар" ислам ұйымы қазіргі президент Хосни Мүбәрәк кеткен соң президенттікке таласпайтындарын мәлімдеді.

Ұйым жетекшілерінің бірі Мохаммед аль-Бельтаги бұны "Әл-Жазира" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бүгін Египетте Мүбәрәктің тез кетуін талап еткен халық наразылығы бұрынғыдан да үдеуі мүмкін. Президент бейсенбі күнгі мәлімдемесінде тақтан кеткісі келсе де, өзінен кейін елде тәртіпсіздік орнай ма деп қауіптенетінін айтты.

Египет армиясы басшылығы бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданбайтынындарын тағы да хабарлады. Әскер бейсенбі күні Каирде Мүбәрәктің жақтаушылары мен қарсыластарының қайтадан қақтығысуына бөгет болуға тырысты.
XS
SM
MD
LG