Accessibility links

Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну басталды


Бүгін Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну басталды. Бұл процесс ақпанның 20-на дейін жалғасады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, белгіленген тәртіп бойынша тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер кандидаттарын ұсына алады, ал жеке азаматтар өздерін-өздері ұсынады. Осы уақытқа дейін бірқатар оппозициялық үміткерлер сәуірдің 3-дегі кезектен тыс президент сайлауына түсуге ынта білдірді.

Сайлауалды науқаны 3 наурызда басталады.
XS
SM
MD
LG