Accessibility links

Египеттің газ құбырына шабуыл жасалды


Белгісіз адамдар бүгін Египеттің газ құбырын жарып жіберді. Ол арқылы Израиль мен Иорданияға көгілдір отын тасымалданатын.

Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, шабуыл Газа секторынан 10 шақырым жердегі Синайдың Шейх Зиуаид аумағындағы Лихфен қаласында болған.

Египет мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, шабуылды "лаңкестер" жасаған. Бірақ бұл шабуылдың газ тасымалына қалай әсер ететіндігі айтылмады.

"Әл-Қаида" мен басқа да исламшыл вебсайттарды бақылайтын SITE барлау ұйымының мәлімдеуінше, кей топтар Египеттегі қауіпсіздік жағдайды тұрақсыз болғандықтан исламшыл жауынгерлерді Израильге газ тасымалдайын құбырға шабуылдауға шақырған.
XS
SM
MD
LG