Accessibility links

Шерудің 12-ші күні Мүбәрәк экономикалық командасымен кездесті


Египетте үкіметке қарсы шерулер 12-ші күн жалғасып жатыр. Сенбі күні президент Хосни Мүбәрәк экономикалық командасымен кездесті.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қаңтардың 25-де Египеттегі толқулар басталғалы бері бұл дағдарыс елге шамамен 3.1 миллиард доллар шығын әкелген.

Бүгін Каирдің Тахрир алаңында жиналған наразылық танытушылар Мүбәрәктің тезарада биліктен кетуін талап етті. Оппозиция жетекшілерінің айтуынша, Мүбәрәк қызметінен кетпейінше шерулер тоқтамайды, алайда бұдан былай негізгі шерулер сейсенбі және жұма күндеріне жоспарланады.

Ақпанның 4-де Каир мен Александрияда және тағы басқа қалаларда "Кету күні" атты ереуілдер өтті.

АҚШ президенті Барак Обама Мүбәрәк елдегі дағдарысты аяқтауға көмектесу үшін "дұрыс шешім" қабылдайды деп үміттенетінін жеткізді.

Басқа да хабарларға қарағанда, "Әл-Жазира" телеарнасының Каирдегі жаңа кеңселеріне шабуыл жасалып, компьютерлер мен басқа да жабдықтар өртелген. Сонымен қатар АҚШ қаржыландыратын "Азат Еуропа / Азаттық радиосының" екі тілшісі жұма күні Каирде тұтқындалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG