Accessibility links

Египет:"Мұсылман бауырлар" келіссөздерге қосылады


Египеттің ең ықпалды оппозициялық тобы "Мұсылман бауырлар" елдегі саяси дағдарысты тоқтату үшін ресми билікпен келіссөзге баратынын айтты.

Бұл топ Рейтерс ақпарат агенттігіне берген сұқбатында, келіссөздер жексенбі күні басталуы мүмкін деген. Бұл Египет үкіметі мен ресми тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" тобы арасындағы бірінші келіссөз болмақ.

Сенбі күні Египеттегі жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста, биліктегі "Ұлттық Демократиялық партияның" атқарушы комитеті тарап, оның ішінде Мүбәрәктың баласы Гамал Мүбәрәк та орнынан кеткен болатын.

Египеттің мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, "Ұлттық Демократиялық партияның" басшысы болып реформашыл, белгілі дәрігер Хоссам Бадрави келеді.
XS
SM
MD
LG