Accessibility links

Иранда АҚШ тыңшысы деп айыпталған 3 жастың соты өтеді


Жексенбі күні Иранға қарсы тыңшылық жасады деп айыппен қамалған үш америкалық жастың соты болады.

Сара Шурд, Шэйн Бауар және Джош Фатталдың кейінге қалып келген соты Иран 1979 жылғы Ислам төңкерісін атап өткелі жатқанда болайын деп отыр.

Иран АҚШ-тың қамаудағы ол жастарды босатуды сұрағанын қабылдамай, тек Сара Шурдты 2010 жылдың қыркүйегінде 500 мың доллар кепіл ақшаға босатқан. Иранда бір жылдай абақтыда отырып шыққан Сара Шурдтың соты сырттай өтеді деп күтіліп отыр.

Бұл америкалық саяхатшы жастар Ирақ солтүстігінде қыдырып жүріп, Иран шекарасына абайсызда өтіп кеткенін айтқан. Олар 2009 жылдың 31-ші шілдесінде Иранға қарсы тыңшылық жасады деген айыппен ұсталған.
XS
SM
MD
LG