Accessibility links

Каирде босатылған Азаттық тілшілерінен әлі хабар жоқ


Прагада орналасқан Азат Еуропа/Азаттық радиосының екі тілшісі Каирдегі полиция бекетінен шығарылды дегеннен бір күн өтсе де олардан хабар келмей отыр.

Роберт Тэйт пен Абделия Нуайми билікке қарсы шерулер жалғасып, саяси дағдарыс қалыптасқан Египет астанасына барған күні ұсталған. Ол екеуі де Британия азаматы.

Тэйт пен Нуаймиді полиция Еуропаға қайтару үшін әуежайға жөнелткен дегенімен, олармен әлі күнге хабар болмады.
XS
SM
MD
LG