Accessibility links

Солтүстік Кореядан 31 адам Оңтүстік Кореяға қашып барды


Оңтүстіккореялық Йонхап агенттігі Солтүстік Кореяның балықшы қайығын мінген 31 тұрғынының Оңтүстік Кореяға қашып келгенін хабарлады.

Агенттік үкіметтен алған ақпаратқа сүйеніп, сенбі күні Йонпхендо аралына Солтүстік Кореяден 11 ер адам мен 20 әйелдің келгенін айтады.

Екі Корея арасында 1950-1953 жылдары болған соғыстан кейін Солтүстік Кореяның 20 мыңнан астам тұрғыны Оңтүстік Кореяға қашып барған еді. Олардың көпшілігі Қытай арқылы жеткен.

Былтыр қарашада Солтүстік Кореяның әскери күштері Оңтүстік Кореяның Йонпхендо аралын атқылап, төрт адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG