Accessibility links

Камбоджа мен Таиланд шекарасында тағы да атыс болды


Камбоджа мен Таиланд арасындағы шекарада дүйсенбі күні тағы атыс болғанын екі елдің де шенеуніктері айтып отыр.

Өткен аптада, жұмадан сенбіге қараған түні атыстан кемінде бес адам қаза болғаны хабарланған еді. Екі елдің арасындағы даулы жерде тұрған Преах Вихеа ғибадатханасы зеңбірек оғынан айтарлықтай бүлінген.

1962 жылы Гаадағы халықаралық сот Камбоджаның меншігі деп таныған ХІ ғасырдың мәдени ескерткіші БҰҰ-ның қорғауына алынған. Бірақ тайлықтар бұл ғибадатхананы өздерінікі дейді.

Даулы мәселе екі елдің арасында осыған дейін бірнеше рет қарулы қақтығыстарға ілік болған.
XS
SM
MD
LG